+7 (701) 350-9113

Құрылымы/филиалдары

Бас Ассамблея (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс)

Жылына кемінде бір рет Бірлестік Кеңесі тарапынан шақырылатын қатысушылардың Бас Ассамблеясы (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) Бірлестіктің жоғары басқару органы болып табылады.

Кезектен тыс Бас Ассамблея (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) Бірлестік қатысушыларының кемінде 1/3 бөлігінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

Бас Ассамблея (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) Бірлестік Кеңесіне хабарлама жіберген Бірлестік қатысушыларының жартысынан астамы оның жұмысына қатысқан жағдайда және Бас Ассамблеяға (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) қатысқан қатысушылардың саны аз болғанына қарамастан Бірлестіктің барлық қатысушыларының шақырылғанын растайтын құжаттар болған жағдайда заңды болып табылады.

Барлық шешімдер Бас Ассамблеяға (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) қатысқан қатысушылар санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.

Бас Ассамблеяның (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) айрықша құзыреті – ол  құрылтай құжаттарын қабылдау және оған өзгерістер/толықтырулар енгізу, ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату, құзыреттер мен ұйымдық құрылымды анықтау, қаржылық есептілікті ұсыну және бақылау органының тексерулер жүргізу тәртібін айқындау, коммерциялық емес ұйымдардың басқа заңды тұлғаларды немесе өзінің филиалдарын құруға немесе олардың қызметіне қатысуға бағытталған шешімдер қабылдау.

Бірлестік Кеңесі

Бірлестіктің тұрақты басқару органы – ол Бас Ассамблея (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) тарапынан 10 жыл мерзіміне сайланатын Бірлестік Кеңесі болып табылады.

Бірлестік Кеңесі Бірлестіктің үш мүшесінен тұрады, олар өз арасынан Бірлестік Кеңесінің Төрағасын 10 жыл мерзімге сайлайды.

Бірлестік Кеңесінің Төрағасы

Төраға Бірлестік қызметінің ағымдағы басшылығын жүзеге асырады, ұйымдық-өкімдік функцияларды орындайды, Бірлестіктің атынан құжаттарға, мәмілелерге, келісімдерге, шарттарға, хаттамаларға, актілерге, анықтамаларға, сұраныстарға, ескертулерге, мәлімдемелерге, өтініштерге қол қояды, банктерде есеп айырысу шоттарын, валюталық және басқа да шоттарды ашады, сонымен қатар мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерде Бірлестік атынан тікелей өкілдік танытады.

Төраға Бірлестік атынан сенімхатсыз әрекет жасайды

5 жылдан аспайтын мерзімге сайланатын 3 мүшеден тұратын Тексеру комиссиясы Бірлестік қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Бірлестіктің Тексеру комиссиясы

Тексеру комиссиясы Бірлестіктің қаржы-шаруашылық әрекетін оның әр жылдық есеп беруінің алдында тексеріп отырады.

Тексеру комиссиясының есептерін Кеңес өзінің кезекті отырысында Кеңес төрағасының сол есептік кезеңдегі есебімен бірге қатарласа бекітеді.

Тексеру комиссиясы Бірлестіктің жылдық қаржылық есебін қарайды және оны Бас Ассамблея (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) тарапынан бекітілгенге дейін қорытынды шығарады.

Бірлестік Филиалдары

Филиалдар Бас Ассамблея (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) шешімімен Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен аймақтарында құрылады.

Бірлестік филиалдары ағымдағы шоттарды ашуға, өзінің мөрі мен бекітілген үлгідегі бланкілерін иемденуге құқылы.

Бірлестік Филиалдары заңды тұлға бола алмайды

Бірлестік филиалдарының басшыларын Бірлестік Бас Ассамблеясы (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) немесе Кеңесі сайлайды және олар сенімхат негізінде әрекет етеді.