+7 (701) 350-9113

Бірлестік жарғысы

Жалпы ережелер

Қазақ трансфузия медицинасы қоғамы «Трансфузиологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып құрылған және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына және Бірлестіктің Жарғысына сәйкес жұмыс істейді.

Бірлестік 2015 жылы құрылып, тіркелген.

Бірлестік жарғысы 2020 жылы мүшелерге ұсыну, дауыс беру, Бірлестіктің Бас Ассамблеясында (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) мүшелердің шешімі бойынша қабылдау және Бірлестік Кеңесінде бекіту тәртібі арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу ережелеріне сәйкес жаңартылды.

Мүшелерді қабылдау тәртібі Бірлестіктің Бас Ассамблеясында (Бас Отырыс / Жалпы Жиналыс) құпталу және Бірлестік Кеңесінде бекіту арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу ережелеріне сәйкес жаңартылды.

Қазақ трансфузиялық медицина қоғамының нысанасы мақсат және мұрат туралы мәлімдемелерінде көрсетілген.

Бірлестік өз қызметін еріктілік, мүшелердің тең құқықтығы, демократиялық, өзін-өзі басқару, заңдылық, есеп берушілік және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Бірлестік мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, міндеттер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға және жарғылық мақсаттар мен қызмет нысанасына сәйкес өзге де әрекеттерді жасауға толығымен құқықтық дәрежеге ие.

Бірлестіктің есеп айырысу шоттары, атауы жазылған мөрі, дербес балансы болады.

Жарғы